Алимент алу үшін кез келген банктен арнайы шот ашуға бола ма?

Жарияланды (жаңартылды )

Бұл ақшаға ешкім тыйым сала алмайды ма?

2019 жылдан бері Қазақстанда кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға алименттерді, жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді, азаматтардың тұрғын үй құрылыс жинақтары төлемдерін, білім беру жинақтау салымдарын есепке жазуға арналған «қол сұғылмайтын» шоттардан ақша өндіріп алуға тыйым салу көзделген. Бұл сұрақтарға fingramota.kz сайты жауап берді.

 Клиент өтініш жасаған кезде банктер оларға есепке жазу үшін ашылатын төлемдердің атауын көрсетумен «арнайы шот» белгісін қояды.

Заңнамаға сәйкес арнайы шоттағы ақшаға:

– тыйым салуға;

– банктер мен банктік емес ұйымдардың төлем талаптары бойынша, сот орындаушыларының инкассолық өкімдері бойынша өндіріп алуға рұқсат етілмейді.

Арнайы шотты сіз кез келген банктен, сондай-ақ «Қазпошта» АҚ-тан ашуыңызға болады. Жеке басты куәландыратын құжаттан басқа, ағымдағы шоттың мақсатын қамтитын өтініш беру қажет. Бұл ретте сізге алимент алушы ретінде (кәмелетке толмағандарды және кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақша) алимент өндіріп алу туралы сот актісінің көшірмесін немесе Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодекске сәйкес жасалған, оларды төлеу туралы нотариат куәландырған келісім қосымша ұсынылады.

Арнайы шоттарды ашу тәртібі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 207 қаулысында жарияланған клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларында көзделген.

Арнайы шотты ашпас бұрын, шарттың талаптарын мұқият және ежей-тегжейлі зерделеңіз, егер бір нәрсе түсініксіз болса, кеңес алу үшін банкке хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыз