Инвестициялық компания атын жамылған тағы бір қаржы пирамидасы анықталды

Жарияланды
EDEN LIFE қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы баумақтық департаменті инвестиция саласындағы маркетингтік компания атын жамылған «EDEN LIFE» қаржы пирамидасының жұмысын тоқтатты.

Ұйымдастырушылар басқа салымшылардың қаражатын тарту арқылы жиналатын тиімді сыйақы алуға кепілдік бере отырып, азаматтарға инвестициялық жобаларға ақша салуды ұсынды.

«Алдын ала келісім (сөз байласу) бойынша бір топ тұлғалардың қаржылық (инвестициялық) пирамида схемасын құру және басқару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде» делінген хабарламада.

Осыған байланысты Агенттік азаматтарды қырағы болуға және өз жинақтарын күмәнді қаржы ұйымдарына салмауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыз