Ұлыбритания Украинаға қару жарақ пен ақшалай көмек көрсетеді

Жарияланды

Олар Украинаға 6000 зымыран мен 25 миллион фунт стерлинг береді

Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі бейсенбі күні НАТО мен G7 басшыларының кездесуінде Украинаға «негізгі жаңа әскери қолдау пакетін» жариялауға ниетті, деп хабарлайды Даунинг-стрит. Бұл туралы interfax.ru мәлімдеді.

«Премьер-министр бүгін НАТО және G7 кездесулерінде Украинаға жаңа әскери қолдау пакетін жариялайды. (…) Украина армиясы үшін 25 миллион фунт стерлинг, сондай-ақ танкке қарсы қарудан тұратын 6000 зымырандар кіреді», – делінген баспасөз хабарламасында.

Сондай-ақ Ұлыбритания Би-би-си Дүниежүзілік қызметіне (BВС) «Ресей мен Украинадағы жалған ақпаратпен күресу үшін» қосымша 4,1 миллион фунт стерлинг беретіні атап өтілді.

Сондай-ақ оқыңыз