Алматыда крематорий осы көктемде ашылады деп жоспарлануда

Жарияланды

Құрылыс жұмыстары желтоқсан айында аяқталды


Алматыда крематорий 2022 жылдың мамыр айында іске қосылуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қала әкімшілігінің мәліметінше, крематорийдің құрылысы 2021 жылдың желтоқсанында аяқталған. Бүгінгі таңда сыртқы инженерлік желілерді, оның ішінде орнатылған пештерді пайдалану үшін газбен жабдықтау желісін тарту жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында крематорийдің жұмыс істеу ережелері мен қабылдау ережелері әзірленіп жатқаны атап өтілді.

Алматыдағы крематорий 2021 жылдың қыркүйегінде пайдалануға беріледі деп жоспарланған болатын. Бірақ кейінірек мерзім сол жылдың соңына шегерілді.

Сондай-ақ оқыңыз