Ұлыбритания Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізді

Жарияланды (жаңартылды )

Көптеген қорғаныс компаниялары, Ресей темір жолдары мен кәсіпкерлер де санкцияға ұшырады

Ұлыбритания Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізді, бұл Ресейдің 65 стратегиялық өнеркәсібіне, банктеріне және кәсіпкерлеріне әсер етеді. Бұл туралы Анадолу сайты Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігінің хабарламасына сілтеме жасап хабарлады.

Атап айтқанда, жаңа санкциялар Ресейдің Украинаға басып кіруін қолдағандардың барлығына, соның ішінде көптеген қорғаныс компаниялары, Ресей темір жолдары, Альфа Банкке қатысты.

Сонымен қатар, жеке тұлғалар да санкцияларға ұшырады. Олардың арасында Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың өгей қызы делінетін Полина Ковалева, миллиардер мұнайшы Евгений Швидлер және Ресейдегі ең ірі банк Сбербанктің бас директоры Герман Греф те бар.

Сондай-ақ оқыңыз