Қазақстан мен Өзбекстан арасында жаңа рейс ашылады

Жарияланды

Тұрақты рейстер 30 наурызда басталады

2022 жылдың 30 наурызынан бастап «Восточный» хаб жобасы аясында «АО «Uzbekistan Airways» АҚ Наманган – Алматы – Наманган халықаралық бағыты бойынша тұрақты рейстерді ашады, деп хабарлайды әуе компаниясының баспасөз қызметі.

Ұшу рейсі аптасына екі рет – сәрсенбі және сенбі күндері орындалады.

Наманган – Алматы бағыты бойынша әуе билетінің құны 42 600 теңгеден (жүксіз) және 45 900 теңгеден (жүкпен), ал Наманган – Алматы – Наманган бағыты бойынша – 71 480 теңгеден (жүксіз) және 76 880 теңгеден басталады (жүкпен).

Сондай-ақ оқыңыз