Атырау облысында мал белгісіз аурудан қырылып жатыр

Жарияланды (жаңартылды )

Шаруалар дабыл қағуда

Атырау облысында малдар белгісіз аурудан қырылып жатыр. Бұл туралы  «Хабар 24» сайты хабарлады.

Төрт түлік белгісіз аурудан әсіресе Құрманғазы, Қызылқоға, Исатай, Махамбет аудандарында анықталып жатыр. Осыған байланысты шаруалар дабыл қақты.

 Ауырған жылқылар артқы аяғын баса алмай қалған. Кейін ауа жетпей тұншығып өледі екен. Ал қызылқоғалық шаруалар мал өлімінің әлі тоқтамағанын айтады. Ауызы көбіктеніп, мұрнынан су ағып, жем-шөп жемей жатып қалады дейді.

Мал иелері мұның не ауру екенін біле алмай отыр. Жергілікті ветеринарлар қолдарынан келгенше ем-дом жүргізген. Бірақ одан да нәтиже болмапты. Қазір қанша малдың өлгені туралы нақты дерек жоқ.

Жауаптылардың сөзінше, арнайы мамандар келіп, зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

Сондай-ақ оқыңыз