БЖЗҚ салымшыларға 6,6 миллион қызмет көрсетті

Жарияланды

Екі ай ішінде

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2022 жылдың екі айында (01.01.2022-01.03.2022 аралығында) өз салымшыларына 6,6 миллион қызмет көрсетті. Бұл туралы БЖЗҚ АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады.

Айта кетерлік жәйт, онлайн қызметтерді танымал ету үрдісі жалғасуда. Қазіргі уақытта БЖЗҚ қызметтерінің 93% астамын ыңғайлы, әрі жедел болып табылатын онлайн тәртібінде көрсетеді. Салымшылар мен алушылар үйден шықпай-ақ бірнеше минут ішінде Қордың барлық қызметтерін ала алады.

Атап айтқанда, олар жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу, өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ЖЗШ-ның болуы туралы анықтама алу, мерзімсіз уақытқа 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру, төлемге берілетін өтініштің мәртебесін қадағалау және тағы басқа қызмет түрлері. Онлайн қызметтердің жалпы көлемнің 4,7 миллионнан астамы (немесе 70,76%) БЖЗҚ сайтында немесе мобильді қосымшасында көрсетілді.

Сондай-ақ оқыңыз