Бразилияда автобус жардан құлап, 11 адам қаза тапты

Жарияланды

Тағы 20 адам жарақат алды

Бразилияның Парана штатының солтүстігінде ірі апат болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жолаушылар автобусы тасқа соғылып, жардан құлаған. Кемінде 11 адам қаза тауып, тағы 20 адам жарақат алды.
Жұмысшылар мінген автобус жергілікті зауытқа бара жатқаны хабарланды.

Болжам бойынша, жүргізуші толассыз жауған жаңбыр салдарынан тізгінге ие бола алмай қалған. Оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыз