Швейцария билігі індетке байланысты қойылған шектеулерді алып тастайды

Жарияланды (жаңартылды )

1 сәуірден бастап

Швейцария 1 сәуірден бастап коронавирустың таралуына байланысты енгізілген барлық әлеуметтік және санитарлық шектеулерді алып тастайды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram каналы хабарлады.

Атап айтқанда, бұдан былай қоғамдық көліктерде және медициналық мекемелерде бетперде киюдің қажеті болмайды.

 «Иммунитеттің жоғары деңгейінің арқасында соңғы апталарда қарқынды терапия бөлімшелерінде ауруханаға жатқызу санының айтарлықтай өсуі байқалмайды», – деді Үкімет.

2023 жылдың көктеміне дейін COVID-19 вирусымен күресте «өтпелі кезең» жұмыс істейді, ол аурудың ықтимал өршуіне «қырағылық пен күшейтілген реакцияны» талап етеді.

Сондай-ақ оқыңыз