Жаңалықтар

Жапонияда кәмелеттік жас төмендетілді

Елде 140 жылдан астам уақыт ішінде алғаш рет кәмелеттік жас ресми түрде төмендетілді

Фото:alashainasy.kz

Жапонияда 140 жылдан астам уақыт ішінде алғаш рет кәмелеттік жас ресми түрде төмендетілді, – деп хабарлайды Japan Times басылымы.

Кәмелеттік жас Жапонияда 1876 жылғы мәлімдемеде алғаш рет қарастырылғандай, 20 жастан басталған.

2022 жылдың 1 сәуірінен бастап Азаматтық кодекстің қайта қаралуының арқасында ол 18-ге дейін қысқарды. Азаматтық кодексте анықталғандай, бұл адамның өз бетінше келісім-шарт жасай алатын және ата-анасының қарауына бағынбайтын жасы.

Қазір Жапонияда 18 және 19 жастағы адамдар заңды түрде несие карталары, ұялы телефондар, жалға берілетін тұрғын үй және т.б. үшін келісімшартқа қол қоя алады. Оларға сондай-ақ, 10 жылдық жол жүру паспорттарын алуға рұқсат етілген.

Енді дәрігерлердің, сертификатталған бухгалтерлердің, сот отырысының хатшысының және басқалардың мамандықтары бойынша жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

Осы жаңашылдықпен бір мезгілде Жапония некеге тұру жасын реттеді. Бұрын кәмелеттік жасқа толмаған жастар 20 жасқа дейін ата-анасының келісімімен некеге тұра алатын. Қыздар үшін бұл 16 жастан, ұлдар үшін 18 жастан бастап болған. Енді екі жыныс үшін де неке жасы теңестіріледі және кәмелеттік жасқа толумен қатар жүреді, осыған байланысты ата-ананың келісімі талап етілмейді.

Кәмелеттік жасты 18-ге дейін төмендетуге қарамастан, Жапонияда 20 жасқа толмағандар үшін ішімдік ішу және темекі шегу заңсыз болып қалады.

Кәмелеттік жасты Жапония императорлық үкіметі 1876 жылы 20 жас деп белгілеп, кейін 1896 жылы Азаматтық кодексте қабылдағаны хабарланады.