Несие мерзіміне назар аудару керек пе?

Жарияланды (жаңартылды )

Несиеге байланысты ең өзекті сұрақтарға жауап

Несиеге байланысты сұрақтарға fingramota.kz сайты жауап берді.

Несие мерзіміне назар аудару керек пе?

Міндетті түрде артық төлем сомасы соған байланысты. Кредиттеу мерзімі неғұрлым ұзақ болса, кредит бойынша артық төлем соғұрлым көп болады..

Консультанттан қарызды ішінара немесе толық мерзімінен бұрын өтеу шарттары қандай екенін, айыппұлсыз және артық төлемсіз кез келген кезеңде мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігі бар-жоғын анықтаңыз.

Заңнамаға сәйкес банктердің қарыздарды мерзімінен бұрын өтегені үшін айыпақыны алуға немесе айыппұл санкцияларының басқа түрлерін қолдануға құқығы жоқ. Оған бір жылға дейінгі мерзімге берілген қарызды алған күннен бастап алты айға дейін және бір жылдан астам мерзімге берілген қарызды алған күннен бастап бір жылға дейін негізгі борышты ішінара немесе толық мерзімінен бұрын өтеу жағдайлары жатпайды. Бұл ретте Сіз банкке пайыздарды кредитті пайдаланудың нақты күндері үшін ғана төлейсіз.

Банк немесе МҚҰ кредиттік шартқа қол қойылғаннан кейін оның шарттарын өзгерте ала ма?

 Кредиттік ұйымдарға шарт жасалған күні белгіленген кредитке қызмет көрсету жөніндегі комиссиялар мен төлемдерді есептеу мөлшері мен тәртібін біржақты тәртіппен ұлғайту жағына өзгертуге тыйым салынады. Сондай-ақ оларға жасалған шарт шеңберінде комиссиялар мен өзге де төлемдердің жаңа түрлерін енгізуге тыйым салынады. Сондай-ақ, олар мен бұрын айтқан жағдайларды қоспағанда, қарыздарды мерзімінен бұрын өтегені үшін айыпақыны немесе айыппұл санкцияларының басқа түрлерін алуға құқылы емес. Егер негізгі борышты немесе сыйақыны өтеу күні демалыс не мереке күніне түссе және сыйақыны немесе негізгі борышты төлеу одан кейінгі жұмыс күні жүргізілсе, кредиттік ұйымдар айыпақы немесе айыппұл санкцияларының өзге де түрлерін өндіріп алуға да құқылы емес. Алайда, кейде кредиттік ұйымдар шартты біржақты түрде өзгерте алады.

 Кредит мерзімін өткізіп алған жағдайда не істеу керек? 

– 2021 жылғы 21 қазаннан бастап Қазақстанда кредиттік ұйымдардың қарыз алушы-жеке тұлғалардың проблемалық берешегін реттеудің бірыңғай құқықтық режимі қолданылады. Егер қарыз алушы өз міндеттемелерін орындамаса, онда кредиторлар ол туындаған сәттен бастап 20 күн ішінде қарыз алушыға шартта көзделген тәсілмен және мерзімдерде мерзімінің өткені туралы хабардар етуге міндетті. Кредитор мерзімін өткізіп алудың туындауы және мерзімі өткен берешек мерзімін көрсете отырып, хабарламада көрсетілген күні Шарт бойынша төлемдерді енгізу қажеттігі туралы хабарлауы, және қарыз алушы-жеке тұлғаның шарт бойынша оған жүгіну құқығы және қарыз алушының өз міндеттемелерін орындамау салдары туралы еске салуы тиіс.

Сондай-ақ оқыңыз