Илон Маск Twitter директорлар кеңесіне қосылды

Жарияланды

Twitter бас директоры Параг Агравал мен Twitter негізін қалаушы Джек Дорси оның жаңа өзгерістер әкелетінін айтты

Бизнесмен Илон Маск Twitter әлеуметтік желісінің директорлар кеңесіне кіреді. Бұл туралы АҚШ-тың Бағалы қағаздар жөніндегі комиссиясының (SEC) құжаттарында айтылған, деп хабарлады 3dnews.ru.

Twitter бас директоры Параг Агравал өзінің микроблогында Масктың жаңа лауазымға тағайындалғанын растады. Оның айтуынша, кәсіпкер әлеуметтік желінің «жалынды қолдаушысы және сыншысы» . Ол директорлар кеңесіне үлкен пайда әкеле алатынын айтты.

Масктың тағайындалуына Twitter негізін қалаушы Джек Дорси де пікір білдірді. Ол директорлар кеңесіне қабылданғанына қуанышты екенін айтты.

Маск Twitter-дің 9,2% акциясын сатып алып, SEC-ке тиісті құжаттарды тапсырды. Бұл оны компанияның ең ірі жеке акционеріне айналдырды. Бұл белгілі болған кезде Twitter акцияларының құны 26%-ға қымбаттады.

Сондай-ақ оқыңыз