Мамыр айында қазақстандықтар 12 күн демалады

Жарияланды

Бұл айда үш мереке қатар келеді

Қазақстандықтар мамыр айында 12 күн демалады. Бұл туралы Almaty.tv. хабарлады.

Бұл айда үш мемлекеттік мейрам бар. Қазақстан халқының бірлігі күні – 1-2 мамыр, Отан қорғаушылар күні – 7 мамыр және Жеңіс күні – 9 мамыр. Бұл күндері отандастарымыз төрт күн қатарынан – 7, 8, 9, 10 мамырда демалады.

Бұл айда екі мереке демалысқа түсіп отыр, 1 мамыр жексенбіге, ал 7 мамыр сенбіге тура келеді. Осыған байланысты екі мерекеден кейінгі дүйсенбі және сейсенбі күндері демалыс беріледі.

Сондай-ақ оқыңыз