15 сәуірден бастап астық пен ұнды экспорттауға арналған квоталар күшіне енеді

Жарияланды

Квота екі ай бойы жарамды болады

Қазақстаннан бидай мен ұн экспорттауға арналған квоталар 15 сәуір мен 15 маусым аралығында әрекет етеді. Бұл туралы 11 сәуірде өткен брифингте Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров мәлім етті.

Оның айтуынша, 1 сәуірдегі жағдай бойынша республикада 6,4 млн тонна астық бар.

«Ішкі тұтынуды ескере отырып, бұл өзімізді қамтамасыз етуге және оның бір бөлігін экспортқа, оның ішінде ұн түрінде жіберуге жеткілікті. Осы жерде айта кететін жайт, біз жыл сайын шамамен 3 миллион тонна ұн өндіреміз, бірақ оның жартысы экспортқа шығарылады», – деді Сапаров.

Ішкі нарықта тапшылықтың туындауын және ұн тартатын кәсіпорындарды тиеуді болдырмау мақсатында 2022 жылғы 1 сәуірдегі Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу жөніндегі ведомствоаралық комиссия бидай мен ұнды экспортқа шығаруға 15 сәуірден 15 маусымға дейін квоталарды енгізу туралы шешім қабылдады.

Сондай-ақ оқыңыз