Франциядағы президенттік сайлаудың бірінші турында Макрон көш бастады

Жарияланды (жаңартылды )

Президенттік сайлаудың екінші кезеңі 24 сәуірде өтеді

Францияның қазіргі президенті Эммануэль Макрон президенттік сайлаудың бірінші турында бірінші орынға шықты, деп хабарлайды РБК.

Елдің Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, Макрон 27,42% жинап отыр. Одан кейін Марин Ле Пен (24,03%) келеді.

Үшінші орында Жан-Люк Меленшон (21,57%). Төртінші орынды і Эрик Земмур иеленді, ол 6,97% жинады;

Еске салайық, Францияда 10 сәуірде президенттік сайлаудың бірінші кезеңі өтіп, оған 12 үміткер қатысқан болатын. Алдын ала мәлімет бойынша, сайлауға сайлаушылардың 65 пайыздайы қатысқан.

Макрон мен Ле Пен 24 сәуірде өтетін екінші турға өтеді.

Сондай-ақ оқыңыз