Мурата Жапониядағы нокауттан кейін Головкиннің деңгейін жоғары бағалады

Жарияланды

Головкиннің келесі жекпе-жегі қыркүйек айында мексикалық Сауль Альвареспен болады

Жапон боксшысы Риота Мурата (16-3, 13 КО) қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкиннің кәсіби шеберлігіне баға берді, деп хабарлайды Sports.kz

«Мен Геннадий Головкиннің кәсіби шеберлігін сезіндім. Оның соққылары алуан түрлі екен, себебі ол ұрғанда әр тұстан қиғаштай соғады. Және соққысының ауырлығын да сезіндім», – деді Мурата.

Еске салайық, Геннадий Головкин Риота Муратты тоғызыншы раундта техникалық нокаутпен жеңіп, орта салмақтағы WBA Super, IBF және IBO титулдарын біріктірген болатын. Головкин келесі жекпе-жегін қыркүйекте мексикалық боксшы Сауль Альвареске (57-1-2, 39 КО) қарсы өткізеді деп күтілуде.

Сондай-ақ оқыңыз