Қырғызстанда уақытынан ерте зейнетке шығуға тыйым салынды

Жарияланды

Елде зейнетақы көлемін арттыру үшін бірнеше реформалар ұсынылып отыр

Қырғызстанда ерте зейнетке шығуға тыйым салынады. Бұл туралы зейнетақы жүйесін реформалау және міндетті медициналық сақтандыруды дамытудың 2023-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы жобасына арналған парламенттік тыңдауда Әлеуметтік қор төрағасының орынбасары Гулнур Жуматаева мәлімдеді. Бұл туралы 24.kg сайты жазады.

Оның айтуынша, зейнетақы көлемін арттыру үшін бірнеше реформалар ұсынылып отыр.

«Зейнетке ерте шығуға тыйым салу жоспарлануда. Ал биік таулы аймақтар үшін – жағдайды өзгерту. Мысалы, үш баланың анасы 45 жасында зейнетке ерте шықса, бұл жасты 48-ге дейін көтеруді ұсынамыз. Бұл өмір сүру ұзақтығының артуына байланысты», – дейді Гулнур Жуматаева.

Зейнеткерлік жас әлі көтерілген жоқ.

Сондай-ақ оқыңыз