Басқа туристік бағыттарға рейстер саны да артады
Air Astana Черногория мен Грузияға рейстерді қалпына келтірді. Бұл туралы әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
1 маусымнан бастап Подгорицаға рейстер қазақстандықтар үшін қайтадан қолжетімді болады, 3 маусымнан бастап Батумиге рейстер ұшады.
Әуе компаниясы сәуір айының ортасынан бастап Ыстамбұл мен Анталияға, Пхукет пен Малеге ұшатын рейстердің саны артады деп хабарлайды.