Азық-түлік бағасы неге өсті? Оған қандай сыртқы фактор әсер етті?

Жарияланды
Мемлекет ішкі нарықта ешқандай тапшылық жоқ дейді

ФАО мәліметі бойынша наурыз айында әлемдік баға деңгейі тарихи максимумға жетіп, жылдық мәнде 30 пайызға өскен. Биыл наурыз айында ғана бағаның өсуі 12,6 пайызды құрады. Өсімдік майы –  56,1, дәнді дақылдар – 37,3, сүт өнімдері – 23,6, қант 22,6 пайызға өсті.

Сауда және интеграция министрлігі сауда комитеті төрағасының орынбасары Айдар Әбілдабековтың айтуынша, Ресейде азық-түлік инфляциясы жылдық мәнде наурыз айының қорытындысы бойынша 18, ал Өзбекстанда жылдық мәнде 14,5 пайызды құрады. Сонымен қатар, азық-түлік бағасының өсуі Еуропа елдерінде де байқалады. Францияда инфляция жылдық мәнде 5,1 пайыз, рекордтық көрсеткішке жеткен.

Былтыр Ресейде көкөніс дақылдарының жетіспеуі сұраныстың артуына, ең алдымен қырыққабат пен картопқа, сәйкесінше бағаның өсуіне алып келген. Сонымен қатар, қырыққабат бағасының қымбаттауы, әдетте, құбылмалылыққа байланысты болады.

Сарапшының айтуынша, 2019 жылы егін түсімі жақсы болды және сырттан, әсіресе Ресейден сұраныс жоғары болды. 2020 жылы отандық фермерлер қырыққабатты көп отырғызды, бірақ пандемияға байланысты көп өнім егіс даласында қалды. 2021 жылы фермерлер қырыққабатты аз отырғызды, сондықтан Ресейден сұраныс артып, сәйкесінше, бағалар көтерілді. Бағаның өсу себебі маусымдық фактор саналады, бұл сақтау шығындарының өсуіне және қорлардың азаюына байланысты, сонымен қатар қазіргі уақытта Өзбекстан мен Пәкістаннан жаңа өнімдер әкелінді, бұл да бағаның өсуіне негіз болып отыр.

«Құрғақшылық салдарынан азықтың қымбаттауы сиыр еті, тауық еті, сүт өнімдері мен жұмыртқа бағасының өсуіне себеп болып отыр. 2021 жылы жанар-жағар майға акциздердің артуы азық-түліктің қымбаттауының себептерінің бірі болды, коммуналдық қызметтер тарифтерінің шамалы өсуі, шикізат, тыңайтқыштар, ветеринариялық препараттар бағасының өсуі логистика әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының көтерілуіне де әсер етеді. Қаңтар айындағы оқиғалар өнім бағасының артуына әсерін тигізді. Қазіргі уақытта қант бағасының өсуі Украинадағы оқиғаларға байланысты әлемдегі геосаяси жағдайға және Ресей Федерациясынан қант экспортына тыйым салуға байланысты. Ресей қанттың негізгі жеткізушісі болды, біз 58 пайызын импорттадық» деді Әбілдабеков.

Ол сондай-ақ Қазақстан нарықтық экономикасы бар ел екенін және «Сауда қызметін реттеу туралы» заңға байланысты, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларын қоспағанда, тауар бағаларын сауда ішіндегі субъектілер дербес айқындайтынын еске салды.

Тізбе 19 тауардан тұрады. Бұл ретте шекті сауда үстемесінің жол берілетін мөлшері өндірушінің босату бағасының немесе өнім берушінің сатып алу бағасының 15 пайызынан аспайды.

Сауда министрлігінің қызметкерлері барлық

  • Сауда нүктелеріндегі;
  • Желілердегі;
  • «Үйдегі дүкендердегі»;
  • Супермаркеттердегі;
  • Базарлардағы;
  • Көтерме базарлардағы жағдайды талдаған.

«Мониторингте көлеңкелі сауда санаты қамтылмаған. Көтерме және бөлшек сауда бағаларына қатысты жағдай көп жылдар бойы бақылаусыз қалып келеді. Бізде нарықтық экономика… Екіншіден, нарықтардағы сауда үстемесін ешкім бақыламайды, сонымен қатар кейбір ірі көтерме сауда нарықтарында бағаны қалыптастырудың нарықтық емес тетіктері бар. Осыған байланысты тұтынушы үшін түпкілікті құнға әсер ететін баға тізбегінде делдалдар пайда болды. Үшіншіден, көптеген «үйдегі дүкендер» өнімнің бір бөлігін көтерме базарлар мен қоймалардан сатып алады, ал бағасы қымбат. Желілер негізінен ірі жеткізілімдерді өздері жасайды, форвардтық сатып алулар жасайды, ал бағасы арзан болуы мүмкін» деп атап өтті спикер. 

Ауыл шаруашылығы министрлігі Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаментінің директоры Назгүл Хатепованың айтуынша, қазір ішкі нарықта азық-түлік тапшылығы жоқ. Оның айтуынша, азық-түлік тауарларын тұрақтандыру жұмыстары негізінен екі механизм бойынша жүзеге асырылады – тұрақтандыру қорларына тікелей әлеуметтік маңызы бар тауарларды сатып алу және жеңілдетілген несие беру арқылы сауда орталықтарын қаржыландыру арқылы.

«Бірінші механизм бойынша министрлік тарапынан бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр. Жалпы республика бойынша облыс әкімдіктерінің қорынан тұрақтандыру қорларының жұмысына бөлінген қаржы көлемі 76 млрд теңгені құрайды. Сондай-ақ, 16,2 млрд теңгені қосымша үлестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы есептегенде, алдағы уақытта осы бағытта 92 млрд теңге бөлу көзделген. Бүгінде республика бойынша әлеуметтік маңызы бар тауарлардың қорлары 635 мың тоннаны құрайды. Оның ішінде тұрақтандыру қорларында 130 мың тонна әлеуметтік маңызы бар тауар бар» деді спикер.

Сондай-ақ оқыңыз