Moody’s агенттігі қазақстандық банктердің тәуекел рейтингтерін растады

Жарияланды
Рейтинг бойынша болжам – «Тұрақты»

Moody’s Investors Service халықаралық рейтинг агенттігі Kaspi Bank, Forte Bank және Қазақстанның Даму Банкі бойынша ұзақ мерзімді рейтингті растады. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлады.

Мәселен, Kaspi Bank бойынша ұлттық және шетел валютасындағы депозиттердің ұзақ мерзімді рейтингі және тәуекелдің ұзақ мерзімді рейтингі «Ва1» деңгейінде расталды. «Тұрақты» болжамы Moody’s-тің банктердің алдағы уақыттағы орнықты дамуына қатысты пікірін білдіреді.

ForteBank АҚ бойынша рейтинг те «Тұрақты» болжамымен «Ва2» деңгейінде расталды. Бұл капиталдандыру, пайда табу мен өтімділіктің арқасында банктің инфляцияның артуы және қаржы нарықтарындағы жағдайдың қиындауы аясында орын алуы мүмкін активтер сапасының ықтимал әлсіреу тәуекелдерін тиімді басқара алатынын білдіреді.

Сондай-ақ, Moody’s «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-тың ұзақ мерзімді рейтингін «Ваа2» деңгейінде растады. Рейтинг бойынша болжам «Тұрақты» болып өзгертілді. ҚДБ рейтингтерінің Baa2 деңгейінде расталуы «Бәйтерек» холдингі арқылы «Қазақстан үкіметі тарапынан банкті ықтимал сыртқы қолдауына қатысты белгісіздіктің азайғанын көрсетеді». Moody’s белгісіздіктің төмендеуінің даму институты жүзеге асырып жатқан трансформациялық өзгерістермен, атап айтқанда, жоғары басшылық құрамындағы кадрлардың өзгеруімен, сондай-ақ кредиттік саясатты қайта бағдарлаумен байланысты деп түсіндіреді.

Жоғарыда аталған барлық ұйымдардың ұзақ мерзімді рейтингтері бойынша «Тұрақты» болжамы Moody’s-тің капиталдандырудың жоғары деңгейі, орнықты кірістілік пен жоғары өтімділіктің жиынтығында анағұрлым жоғары инфляция және қаржыландыру талаптарын қатаңдату жағдайында активтер сапасының тәуекелдерін теңестіреді деген сенімін көрсетеді. 

Сондай-ақ оқыңыз