AMANAT партиясының кезектен тыс съезі өтеді

Жарияланды
Жиында ADAL-дың AMANAT партиясына қосылуы туралы мәселе қаралады

26 сәуір күні AMANAT партиясының кезектен тыс XXIII съезі өтеді. Бұл туралы партияның Атқарушы хатшысы Асхат Оралов Facebook парақшасында мәлімдеді.

«Оған барлық өңірлерден делегаттар қатысады. Съезд онлайн форматта өтеді. Орталық аппарат филиалдармен бірлесіп дайындық іс-шараларын бастады» деді ол.

Съезде ADAL саяси партиясының AMANAT партиясына қосылуы туралы мәселе қаралады деп жоспарланған.

Сондай-ақ оқыңыз