БАҚ: Германия мұнай мен газ үшін Ресейге рекордтық соманы төлейді

Жарияланды (жаңартылды )

DWN: Германия 2022 жылы Ресейден энергия ресурстары үшін рекордтық 33,9 миллиард еуро төлейді

Германия биыл ресейлік мұнай мен газ үшін рекордтық соманы төлейді, деп хабарлайды РИА Новости Deutsche Wirschafts Nachrichten сілтеме жасап.
Германияның ресейлік мұнайға жұмсайтын шығыны 11,4 миллиард еуродан 14,3 миллиард еуроға дейін көтерілу қаупі бар. Газ импорты бойынша төлем өткен жылғы 8,8 миллиард еуродан 2022 жылы 17,6 миллиард еуроға дейін екі есеге артуы мүмкін. Сонымен қатар, зерттеуге сәйкес, ресейлік көмір үшін шамамен 2 миллиард еуро төлеуге тура келеді.
Ресей армиясының Украинадағы арнайы операциясына жауап ретінде ауқымды санкциялар енгізген Германия мен басқа да батыс мемлекеттері жанармай бағасының шарықтап кетуіне тап болуда.
Берлин 2022 жылдың соңына қарай көмір мен мұнайды, ал 2024 жылдың ортасына қарай газды импорттауды тоқтатады деп күтуде. Жыл басында Германия табиғи газ импортының шамамен 55 пайызын Ресейден алса, қазір бұл үлес 40 пайызға дейін қысқарды.

Сондай-ақ оқыңыз