Байден Макронды құттықтады

Жарияланды (жаңартылды )

Байден: Франция – біздің ең ежелгі одақтасымыз және жаһандық мәселелерді шешудегі негізгі серіктесіміз

АҚШ президенті Джо Байден Twitter-де француз әріптесі Эммануэль Макронды қайта сайлануымен құттықтап, Украинаны қолдаудан бастап климаттың өзгеруіне қарсы күреске дейінгі әртүрлі салаларда одан әрі ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

«Эмануэль Макронды қайта сайлануымен құттықтаймын. Франция – біздің ең ежелгі одақтасымыз және жаһандық мәселелерді шешудегі негізгі серіктесіміз. Мен Украинаны қолдау, демократияны қорғау және климаттың өзгеруіне қарсы тұруды қоса алғанда, тығыз ынтымақтастықты жалғастыруды асыға күтемін», – деп жазды Байден.

Франциядағы сайлаудың екінші турында берілген дауыстардың 100 пайызын санау қорытындысы бойынша қазіргі президент 58,55 пайыз, оның қарсыласы, Марин Ле Пен 41,45 пайыз дауыс жинады.

Сондай-ақ оқыңыз