ЕО Ресейге қарсы санкциялардың алтыншы пакетін енгізуді көздеп отыр

Жарияланды (жаңартылды )

Бұл туралы ЕО вице-президенті Домбровскис мәлімдеді

Еуропалық Одақ Ресейден мұнай импортына әсер ететін Мәскеуге қарсы алтыншы санкциялар пакетін әзірлеп жатыр, деп хабарлады Еуропалық комиссияның атқарушы вице-президенті Валдис Домбровскис Times газетіне берген сұхбатында.

«Біз алтыншы санкциялар пакетімен жұмыс істеп жатырмыз, қарастырылып жатқан мәселелердің бірі мұнай эмбаргосының қандай да бір түрі. Біз санкция салған кезде оны Ресейге қысымды күшейтетін, бірақ өзімізге тиімді етіп жасауымыз керек», – деді Домбровскис.

ЕК вице-президентінің айтуынша, ресейлік мұнайға қатысты санкциялардың егжей-тегжейлері әлі келісілген жоқ. Оның атап өтуінше, бұл ресейлік мұнайды кезең-кезеңмен тоқтату немесе белгілі бір шекті бағадан жоғары экспорттық тарифтерді енгізу болуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыз