Жаңалықтар

Шанхай портында 400-ге жуық кеме кезегін күтіп тұр

Бұл елде індеттің күрт артуына байланысты

Шанхайдағы індетке қатысты қатысты жағдай жергілікті порттың жұмысына әсер ете бастады. Бұл туралы Хабар 24 хабарлайды.

Өткен айда теңізде жүк тасымалы 25 пайызға төмендеді. Америкалық «ФорКайтс» компаниясының сарапшылары осындай қорытындыға келді. Мегаполисте локдаун басталған кезде жөнелту көлемі күрт төмендеді.

Портта жүк тасымалы тоқтамағанына қарамастан, мамандар жүктері бар контейнерлерді тиеу және түсіру кешігуінен қауіптенеді. Олар қазір Шанхай теңіз терминалына кіру үшін 400-ге жуық кеме күтіп тұрғанын атап өтті. Бұл, өз кезегінде, жаһандық жеткізу тізбегінде жаңа үзілістерді тудыруы мүмкін.