Зеленский Макронды қайта сайлануымен құттықтады

Жарияланды (жаңартылды )

Зеленский Макронды нағыз дос деп атады

Украина президенті Владимир Зеленский француз әріптесі Эммануэль Макронды екінші мерзімге қайта сайлануымен құттықтады. Тиісті хабарламаларды ол өзінің Twitter-дегі аккаунтында украин және француз тілдерінде жариялады. Бұл туралы lenta.ru сайты хабарлады.

Зеленский Макронды «Украинаның нағыз досы» деп атап, оған француз халқының игілігі үшін жаңа табыстар тіледі.

«Мен оның қолдауын бағалаймын және біз бірге жаңа ортақ жеңістерге қарай алға жылжып келе жатқанымызға сенімдімін. Күшті және біртұтас Еуропаға қарай», – деп жазды Украина басшысы.

Дауыстардың 96 пайызын санағаннан кейін Францияның қазіргі президенті Эммануэль Макрон 56,54 пайыз дауыс жинап отыр. Қарсыласы Марин Ле Пенге сайлаушылардың 43,46 пайызы дауыс берді.

Сондай-ақ оқыңыз