Қоғам

Қасым-Жомарт Тоқаев  AMANAТ партиясынан шықты

Ерлан Қошанов партияның жаңа төрағасы болды

Қасым-Жомарт Тоқаев  бүгін AMANAT партиясының кезектен тыс съезінде партия төрағалығынан кететінін мәлімдеді.

«Бүгіннен бастап Amanat партиясының төрағасы ретінде өкілеттігімді тоқтатып, партиядан шығу туралы шешім қабылдадым. Бұл қадамның символық мәні бар. Осы орайда Президент сайлауында маған сенім артып, қолдағандарыңыз үшін баршаңызға алғысымды айтамын. Сондай-ақ жауапты сәтте партия тізгінін сеніп тапсырғандарыңыз үшін  ризашылығымды білдіремін» деді Президент.

Президент AMANAT партиясының төрағалығына  Ерлан Қошановты ұсынып, аманаттықтар оның кандидатурасын бірауыздан қолдады.