Қазақстандық компания Ресейдегі OBI желісін сатып алатынын жоққа шығарды

Жарияланды
«Коммерсанттың» ақпараты расталмады

Қазақстандық Asadel компаниясының Ресейдегі OBI желісін сатып алу жайлы жоспары жоқ.  Бұл туралы  компанияның Kursiv.media-ға  берген жауабында айтылған.

Өткен аптада БАҚ беттерінде Ресейдегі OBI гипермаркеттер желісін қазақстандық инвестор — Asadel компаниясы сатып алуы мүмкін деген ақпарат тараған еді.  Бұл туралы ресейлік «Коммерсант» басылымы өз дереккөзіне  сүйене отырып хабарлаған болатын.

«Қазіргі уақытта  Asadel ресейлік OBI активтерін сатып алуды қарастырып отырған жоқ» делінген жауапта.

Сонымен қатар,  Asadel DIY компаниясының иесі кәсіпкерлер Ерлан Сейсембаев пен Ғалымжан Есенов деген ақпаратты жоққа шығарды.

Германияның OBI халықаралық желісі  – құрылыс тауарларын ірі жеткізушісі. Наурыз айында Ресейдегі дүкендерінің жұмысын тоқтата тұратыны туралы хабарлады. Алайда ресейлік кеңсесі мұндай шешіммен келіспей, нәтижесінде бас компания ресейлік бизнестен шықты.

Енді Obi бренді енді Ресейде қолданылмайды және барлық активтері жаңа инвесторға сатылады. Әзірге олар «Аудит Групп» консалтинг тобының негізін қалаған Борис Любошицтің уақытша сенімгерлік басқаруында.

Халықаралық сауда желісі OBI GmbH & Co. Deutschland KG неміс компаниясына тиесілі. Халықаралық желіге 13 елдегі 650-ден астам дүкен кіреді, олардың бір бөлігі франчайзинг бойынша жұмыс істейді.

Сондай-ақ оқыңыз