Биыл Қазақстан қайтаратын сыртқы қарыз алтын-валюта қорынан асып түсу мүмкін

Жарияланды
Алдағы 12 айда өтелуі тиіс сыртқы қарыз 47 пайызға өскен

2022 жылы Қазақстан қайтаруы тиіс сыртқы борыш міндеттемелері елдің алтын-валюта қорынан да асып түсуі мүмкін. Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы жариялаған шолуда алдағы 12 айда өтелуі тиіс сыртқы қарыз 47 пайызға өскені жазылған.

2021 жылы ағымдағы шот тапшылығы экспорттың импортқа қарағанда айтарлықтай өсуі есебінен қысқарған. Импорттың салыстырмалы түрде сәл-пәл азаюы –  Қазақстанға машина мен жабдықтарын жеткізудің қысқаруымен байланысты. Бұл техникалық қызметтер импортының 40%-ға төмендеуімен қатар, елдегі ірі инвестициялық жобалардағы құрылыс-монтаж жұмыстарының аяқталғанын (оның ішінде ТШО ККЖ 89% дайын) және жаңа жобалардың жоқ екенін байқатады.

Қаржы шоттарындағы капитал ағынын қайта инвестициялау (35%) және мемлекеттік сектор операцияларымен (45%) қамтамасыз етіліп отыр.

Алдағы 12 айда өтелуі тиіс сыртқы қарыз 11,7 млрд долларға немесе 47%-ға, 36,6 млрд долларға дейін өсті. Нәтижесінде сыртқы қарыз көлемі 2014 жылдан  бері алғаш рет  елдің алтын-валюта резервінен асып түсті. Тиісінше, 2022 жылдың 1 қаңтарында Гринспан-Гвидотти критерийі 94%-ды құрады. Бұл  сырттан қаржыландыру қысқарған кезде, елдің резервтегі активтері сыртқы қарыз бойынша биылғы төлемдерді толығымен жаба алмайтынын білдіреді.

Жалпы сыртқы  қарыз мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор есебінен өскен. Ал жеке сектордың сыртқы міндеттемелері айтарлықтай төмендеген. Үкімет пен квазимемлекеттік сектор ұйымдарының соңғы 7 жылдағы сыртқы борышы Ұлттық қордың валюталық активтерімен тығыз байланысты болып тұр. Мемлекеттің тікелей және шартты сыртқы міндеттемелерінің артуы бюджетке ауыртпалық түсіруі мүмкін.

Осылайша, 2021 жылы Қазақстанның сыртқы секторының статистикалық көрсеткіштерінің жақсаруына қарамастан, терең талдау қазіргі геосаяси жағдай жағдайында мемлекеттік қаржы тұрақтылығы мен ұлттық валютаның тұрақтылығына теріс әсер етуі мүмкін.

2021 жылы ағымдағы шот тапшылығы $0,8 млрд-қа немесе 13%-ға қысқарды. Оған негізінен сауда балансы профицитінің екі есе қысқаруы себеп болған. Экспорт бір жыл ішінде $13,0 млрд-қа немесе 28%-ға артқан. Мәселен, 2021 жылы мұнайдың орташа бағасы 64%-ға, мыстікі –  52%-ға, алюминий бағасы 44% ға өсті.

Бір жыл ішінде импорт $2,6 млрд немесе 7% ға өскен: жекелеген тұтыну және өнеркәсіп тауарлары импортының өсуі шетелден әкелінетін машиналар мен жабдықтардың азаюымен едәуір жабылп кетті. (- $2,2 млрд немесе 16%).

2021 жылы капитал ағыны $5,4 млрд құраған, 2020 жылмен салыстырғанда 3 есе дерлік төмен.

Қазіргі кезде Қазаұстанның сыртқы борышы , $165,1 млрд құрайды. Алайда, сыртқы қарыз құрылымы нашарлаған:сырттын  $2,9 млрд көлемінде қысқа мерзімді қарыз алынып, ал ұзақ мерзімді қарыздың аз-маз бөлігі ғана өтелген (- $0,3 млрд).

Сыртқы мемлекеттік және квазимемлекеттік қарыз 5,0 миллиард долларға немесе 14%-ға өсіп, ал жеке сектордың сыртқы қарызы 4,5 миллиард долларға немесе 3%-ға азайды.

Яғни, 2021 жылы қысқа мерзімді және мемлекеттік борыш өсіп, ал ұлттық қордың алтын-валюта резерві мен активтерінің айтарлықтай қысқаруы сыртқы борышты өтеудегі орнықтылық көрсеткіштерінің нашарлауына алып келді.

Сондай-ақ оқыңыз