Алматыда қираған көліктер үшін 258 миллион теңге өтемақы төленді

Жарияланды

Әкімдікке барлығы 99 өтініш келіп түсті

Қаңтар айында зардап шеккен көлік иелеріне келтірілген шығын өтеледі. Бұл туралы Алматы қаласының баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы әкімдігі қаңтар айындағы оқиғалар кезінде өртеніп кеткен немесе зақымданған автокөлік иелеріне 258 млн теңге төледі. Әкімдікке барлығы 99 өтініш келіп түсті.

Қазіргі уақытта жалпы сомасы 258 млн теңгеге 54 өтінім қанағаттандырылды. Қарауда 45 өтінім бар. Өтініштерді аудандық әкімдіктер түскен күннен бастап 1 ай ішінде қарайды. Мүлікке келтірілген залалды бағалау тіркелген күннен бастап 7 күн мерзімде белгіленеді. Оны зардап шеккендер таңдаған тәуелсіз сарапшылар жүргізеді.

Сондай-ақ оқыңыз