Қаржы туралы ең үздік 14 кітап

Жарияланды (жаңартылды )
Балаларға арналған кітаптарды да қостық

Қаржылық сауат мәселесінің маңызы жайлы айтудан еш шаршамаймыз. Қашан да оқырмандарымызға бағыт беріп, пайдалы кеңес бөлісуге асығамыз. Осы жолы ақшаны дұрыс жарату, бюджетті жоспарлау, жалпы қаражатпен қарым-қатынас тақырыбында жазылған үздік кітаптардың тізімін жасаймыз. Себебі қаржылық сауат қалай ақша табуды үйретіп қана қоймай, оны дұрыс басқаруға шақырады. Осы арқылы әркім жеке бюджетін жүргізіп, қарыздан қарызға, айлыққа айлыққа жүрмейтін, тапқаны — көп, жарататыны аз болудың жолын табады. Тіпті қорға жинап, ақшасын құр жатқызбай, көбейтудің де тәсілін қаржылық сауатты адам ғана біледі. Сондықтан мұндай дағды ешкімге артық болмайды. Өз ақшаңызды өз қолыңызға алыңыз. Одан қала берді, өсіп келе жатқан балаңызды да ақшамен дұрыс қарым-қатынас құруға бейімдеген жөн.

Мамандар баланы қаржылық сауатқа шақыруды кезең-кезеңімен қолға алған жөн дейді. Мысалы 4 жаста ақшамен жалпылама таныстырып, 5 жаста оған шығын жайлы айтқан жөн дейді. Ал 7 жасқа келгенде қалтасына ақша беріп, оны дұрыс жұмсауға тәрбиелеу керек. Қаржы саласының терминдерін таныстыруды 10 жастан бастаған жөн десе, 13-14 жасынан өздігімен табыс табуға, заманауи инвестициялауға баулу қажет екен. Байқасаңыз, заман ағымы қазір мүлдем басқа. Сондықтан баланы «бала» деп менсінбеуге болмайды. Ал енді қаржылық сауатты арттыруға қатысты кітаптардың тізіміне келсек. 

ТОП-14

«Бизнесімді құтқарыңыз»/Спасите мой бизнес, Алла Милютина. Кітап авторы Алла Милютина — 25 жылдан астам аудитор болып істеген тәжірибесі бар маман. Кеңес одағы ыдыраған 1991 жылдан бастап қаншама кәсіпкердің бизнесіне араша түсіп, құтқарып қалған. Өйткені ол бизнесмендер қаражатты қалай ұстау керек, қалай дұрыс бағытта жұмсау керегін білмеген. Сондықтан бұл кітапты бизнес бастағысы келетіндер де, бизнесінде дағдарысқа тап болғандар да, тіпті мүлдем кәсібі жоқтар да оқысы пайдалы болатыны анық.  

«Экономикс», Майкл Гудвин, Дэвид Бах. Экономика жайлы өте ауқымды әрі түсінікті жазылған кітап. Сөзбен ғана емес, ұғынықты болу үшін суреттер де сәтті салынған. Жалпы экономикаға қызығушылығы бар кез келген адамға оқуға кеңес береміз. Бағзы заманнан бастап қазіргі дейінгі экономиканың құрылымын түсінуге көмектеседі.

«Белшеден батырған қарыз дағдырысы»/Большие долговые кризисы, Рэй Дало. Кітапта ақшаның табиғаты, қаржының құрылымы туралы жақсы түсіндірген. Кез келген қарыз, міндеттеменің қайдан шығатын бір шаблонға салып берген. Соны мойындай келе, енді ол қарыздан қалай құтылуға болатыны туралы айтылады. 

 «Алғашқы миллионың»/Твой первый миллион, Джеймс Маккена. Алғашқы миллионды табуын табамыз-ау. Ал оны сақтап қалудың жолы қандай? Мұны жасөспірімдерге оқуға беру керек. Өйткені америкалық Biz Kid$ білім беру жобасы мұны балаларға арнайы әзірлеген. Қазіргі кезде өте өзекті тақырып деп ойлаймыз. 

 «Ақша ғылымы»/Наука деген, Брайан Трейси. Авторды таныстырып та қажет емес болар. Өйткені қаржы саласындағы ең оқырманы мол авторлардың бірі. Жалпы алғанда ақшаға деген қызығушылық қай заманда болсын тұрмыс жағдайына қарай әр адамда, әр халықта әр түрлі. Әйтсе де, ақшаға қызықпайтын адам аз. Сондықтан мұны ғылымның бір саласындай қарастырған кітапты оқып көруге кеңес береміз.

«Инвестиция және трейдинг», Саймон Вайн. Кітап авторы «Альфа банктің» басқарушы директоры. Әрине, қазір санкцияға байланысты бұл қаржы ұйымының қиын кезеңді бастан өткеріп жатыр. Дегенмен бұл автордың қаржы саласындағы білімі мен білігіне еш нұқсан келтірмейді деген ойдамыз. Аты айтып тұрғандай бұл кітапты инвестиция мен трейдингке қызығып жүргендер оқығаны жөн.

«Диджитал алтын»/Цифровое золото, Натаниэль Поппер. Бұл кітапты критовалюта жайлы, оның қалай пайда болғаны туралы жақсы түсіндіріледі. Бұл түсініктің негізі қандай шыққан? Бірінші криптовалюта — биткоин жайлы ұғындырады. Жата-жастанып оқитын кітап бола алмаса да, бұл тақырыпты енді зерттей бастағандар біраз пайдалы ақпарат табуға болады.

«Вавилондағы ең бай адам»/Самый богатый человек В Вавилоне, Джордж Клейсон. Егер сіз кітап дүкендеріне жиі баратындардан болсаңыз, не қаржы саласындағы әдебиетті шолып жүретін болсаңыз, бұл кітапты білмеуіңіз мүмкін емес. Бірнеше рет көзіңізге шалынып, бірақ әлі оқымаған болсаңыз, оқып шыққаныңыз жөн. Кітаптың шыққанына бір ғасырға жуық уақыт болыпты. Десе де әлі актуал. Автор мұнда қаржы саласындағы заңдылықтарды Вавилоннан шыққан адамның оқиғасы түрінде сипаттап, әдемі жеткізеді. Бұдан түйетініміз: адам қай ғасырда өмір сүрсе де, ақшаға деген қарым-қатынас қай кезде де бірдей принциптерге негізделеді. Бар болғаны атауы ауысып тұруы мүмкін. Осыдан ғасыр бұрын Вавилонда ақша қандай жолмен «жылжыған» болса, қазір де өзгерген ештеңе жоқ. Кітап өте қарапайым тілде жазылған. Қазақшасын да табуға болады.

«Қаржылық еркіндікке апарар жол»/Путь к финансовой свободе, Бодо Шефер. Табысты сақтап қалу, еселеудің қарапайым бірақ тиімді, жұмыс істейтіндер тәсілдері туралы жазылған. Бүгінде бұл кітап әлемнің 20-дан астам тіліне аударылған. Оқылымды болғаны сонша, сан рет қайта басылған.   

 «Бай әке, кедей әке»/Богатый папа, бедный папа, Роберт Кийосаки. Қаржы туралы кітаптарды айтқанда, бұл кітапты тастап кетсек дұрыс болмас. Америкалық инвестор әрі кәсіпкер Кийосакидің танымал туындысының қазақшаға тәржімаланған нұсқасын да таба аласыз. Тіпті осы кітаптың арқасында талай адам миллионер болуға қадамды сәтті жасаған. Қалай дұрыс ақша табуға болады, салымды қалай жасау керек, өз кәсібіңді бастағанда нені ескеру керек, автивтерді еселеудің жолдары қандай — осы жайлы айтылады.   

«Ойлан да, байы»/Думай и богатей, Напалеон Хилл. Экономикалық ахуал тербеліп, дағдарыстан әлем көз аша алмай жатқан қиын кезеңде жазылған кітап. Білім, кәсіби өсу, дұрыс орта табу мәселесі қозғалады. Адамдар күйзеліс кезінде қандай болады, табысты адамдардың психологиясы қандай осы сұрақтарға жауап таба аласыз. Мұның да қазақшасы бар.  

 «Қаржылық сауат әліппесі»/Азбука финансовой грамотности, Владимир Авденин. Қаржылық сауат жайлы егжей-тегжейлі түсіндірілген кітап. Сауаттың қаншалықты керек, қаншалықты маңызы екені де айтылады. Тіпті осы кітапты оқып шыққаннан кейін қаржылық сауаты жоқ адам түптің түбінде кедей күй кешеді, сауаты барлар — байи түседі деген тоқтамға келесіз.   

«Миллионер секілді ойла»/Думай, как миллионер, Харв Экер. Әлемнің 33 елінде басылған кітап та — маст рид тізімде. Табысқа жету үшін ойыңды қалай дұрыстау керек — осы жайлы айтылады. Автор — қаржылық психолог. Оның ерекше көзқарасы көпшілікке ұнап, соның арқасында талай адам ақша туралы ойын, санасын өзгерткен. Сол арқылы табысын арттырған.

«Ақша қайда кетеді. Қаражатты қалай дұрыс басқару керек»/Куда уходят деньги. Как правильно управлять деньгами, Юлия Сахаровская. Автор отбасылық қаражатты басқаруға қатысты кеңес берумен айналысады. Қарыздан қалай шығуға болады, одан құтылу үшін бүкіл қызықтан бас тартпай, дұрыс схема қалай жасауға болады — осы жайлы бөліседі. Ақша жинап бастаудың әліппесін үйретіп, бюджет жоспарлау, табысты дұрыс бөлу, жұмсауға үйретеді. Жалпы тапқан ақша су секілді жоқ болып кетеді дейтіндерден болсаңыз, сол ақшаның қайда кететінін, неге әлі күнге дейін жинай алмай жүргеніңізге қатысты сауалға жауап табасыз.        

Сондай-ақ оқыңыз