Елімізде 2022 жылдың бірінші тоқсанында 30 млн тонна көмір өндірілді

Жарияланды

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,7% – ға артық

Өндірілген көмірдің 16,7 млн тоннасы энергетикалық компанияларға, 2,2 млн тоннасы өнеркәсіптік кәсіпорындарға жөнелтілді. Коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге және халыққа 2,4 млн тонна көмір тиелді. Көмір экспорты 8,6 млн тоннаны құрады. Бұл туралы ҚР ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.

Облыстар мен қалалар әкімдіктерінің деректері негізінде, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, 2021-2022 жылдарға арналған коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер мен тұрғындар үшін көмір өнімдерінің қажеттілік жоспарын қалыптастырған.

Жоспарға сәйкес, осы кезеңде тұтыну көлемі 9,336 млн тоннаны құрауы тиіс (коммуналдық-тұрмыстық секторға – шамамен 3 млн, халық үшін-6,3 млн тонна). Жергілікті атқарушы органдардың мәліметтері бойынша, өңірлерден 9,338 млн тонна көмір әкелінді. Яғни, жоспарланған көлемнің 100% – ы.

Келесі жылыту маусымына дайындық үшін Министрлік 2022-2023 жылдарға арналған ұқсас жоспарды әзірледі. Құжат барлық облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктеріне жіберілді

Сондай-ақ оқыңыз