Президент республикалық референдум өткізуді ұсынды

Жарияланды
Референдум Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде өтпек

Қасым-Жомарт Тоқаев Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде референдум өткізуді ұсынды. Мемлекет басшысы бұл туралы  Қазақстан халқы ассамблеясының ХХХІ сессиясында мәлімдеді.

«Конституцияға түбегейлі сипаттағы және елдің саяси жүйесін түбегейлі өзгертетін өзгерістер енгізу бастамасын көтердім. Біз жаңа мемлекеттік модельге, мемлекет пен қоғам арасындағы өзара іс-қимылдың жаңа форматына көшіп жатырмыз. Мұндай сапалы ауысуды екінші республика деуге болады.

Жұмыс тобы негізгі заңның 33-бабына түзетулер дайындады. Ал бұл – бүкіл Конституцияның үштен бірі. Аталған өзгерістерді енгізу туралы заң жобасы Конституциялық кеңеске берілді. Жуырда шешім шығарады», – деді Президент.

Сондай-ақ оқыңыз