Бірінші тоқсанда «ҚТЖ» ҰК» АҚ желісі бойынша жүктерді экспортқа тасымалдау 6% өсті

Жарияланды

Жүктерді экспортқа тасымалдау 22,9 млн.тоннаға жетті

      2022 жылдың бірінші тоқсанында «ҚТЖ» ҰК» АҚ желісі бойынша жүктерді экспортқа тасымалдау 22,9 млн.тоннаға жетті. Бұл өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда 6% көп. Жүк тасымалдарының жалпы көлемінде экспорт – 35% астам. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

     Экспорт сегментінде тас көмір басты орынға ие.  2022 жылдың бірінші тоқсанында 8,9 млн.тонна қатты отын экспортталса, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26% жоғары.  Астық экспорты 30%, яғни 2,2 млн.тоннаға дейін өсті.

      Теміржол арқылы экспортқа жөнелтілетін мұнай өнімдерінің көлемі 1,1 млн. тоннаны, қара металдар – 1,2 млн. тоннаны, темір кені 3 млн. тоннаны құрады.

       Қазақстандық өнімнің ірі импорттаушылары Ресей, Қытай және Орталық Азия елдері болып табылады. Атап айтқанда, қазақстандық көмір Ресейге, Өзбекстанға, Үндістанға, Грузияға, Швейцарияға, Польшаға, Кипрге, Түркияға және басқа да елдерге жеткізіледі. Ал қазақстандық астық Өзбекстан, Иран, Ауғанстан, ҚХР, Тәжікстан, Түркия, Бельгия, Италия, Ұлыбритания және т.б. елдерге экспортталады.

Сондай-ақ оқыңыз