Мүлікті сақтандыру кезінде нені ескеру керек?

Жарияланды
Маман кеңесіне мән беріңіз

Сақтандырудың маңыздылығы жайлы соңғы уақыттары жиі айтыла бастады. Рас, сақтандырушығаақша, ал адамға (немесе бизнеске) сақтық керек. Осы орайда мүлікті сақтандыру өте маңызды. Ал оның қыр-сырын жете түсіну үшін маман айтқан кеңестерді жадыға түйіп алғанның артығы жоқ.

Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаменті жалпы сақтандыру жөніндегі компанияларды қадағалау және инспекциялау басқармасының бастығы Марина Матюгинаның айтуынша, мүлікті сақтандыру – жағымсыз оқиғалар басталған жағдайда сақтанушыларға өз шығындарын барынша азайтуға көмектесетін және оларды көзделмеген қаржылық шығындардан қорғайтын сақтандырудың ерікті түрі. Мүлікті сақтандыру жеткілікті түрде алуан түрлі және түрлі тәуекелдерді өтеуді қамти алады. Қазіргі уақытта мүлікті сақтандыру жалпы сақтандыру портфелінен 30 пайыздай көп және өткен жылғы көрсеткіштен 28 пайыздан көп асады. Бұл ретте мүлікті зияннан сақтандыру ең танымал сынып болып есептеледі, ол мүліктік сақтандырудың 53 пайызын құрайды.

Бүгінгі күні іс жүзінде бәрін сақтандыруға болады:

  • Пәтер;
  • Қала сыртындағы жылжымайтын мүлік;
  • Өндірістік цех;
  • Автомобиль;
  • Тұрмыстық техника;
  • Кеңсе жабдығы;
  • Қоймадағы немесе сауда залындағы өнім;
  • Жиһаз  

және өзге де жылжымалы және жылжымайтын мүлік.

Барлық жылжымалы және жылжымайтын мүлікті:

  • Бұзылудан;
  • Өрттен;
  • Жылыту жүйелерінен кеткен судан;
  • Ұрланудан;
  • Табиғи апаттардан (жер сілкінісі, найзағай түсу, су тасқыны, су басу, бұршақ);
  • Кездейсоқ сыртқы механикалық әсерлерден

және көптеген басқа нәрселерден қорғауға болады.

Сақтанушы үшін Сақтандырушы сақтандырудың әртүрлі шарттарын ұсына алады, ал кейде сақтанушының түрлі тілектері мен мүмкіндіктерін қанағаттандыратын арнайы сақтандыру өнімдерін жасауы мүмкін.

«Бұл ретте, сақтанушы зияннан сақтандырғысы келетін тәуекелдер неғұрлым көп болса, сақтандыру шартының құны соғұрлым қымбат болатынын ескеру қажет. Сақтандыру шартының құнына сақтандыру объектiсiнiң орналасқан жерi, пайдалану жағдайлары, өрт, техникалық, күзет жүйелерiнiң болуы мен жай-күйi және басқа да факторлар әсер ете алады. Бұл жағдайлардың барлығы сақтандыру шартында көрсетіледі. Мүлікті сақтандыру сақтандырудың ерікті түрі болғандықтан, сақтандыру шарттары, тәртібі және сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру мерзімдері шартта айқындалады» дейді Марина Матюгина.

Сақтандыру шарты негізінен бір жылға жасалады, бірақ ол демалыс немесе іссапар уақытында қысқа мерзімді кезеңге де жасалуы мүмкін. Мысалы, жөндеу жұмыстарының нәтижесінде көршілердің мүлкі бүлінген жағдайда жөндеу жүргізу кезеңіне сақтандыру шартын жасау кең тараған.

Сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушы сақтандыру төлемін алу үшін сақтандырушыға жүгінуге тиіс. Мүлікті сақтандыру бойынша сақтандыру төлемі нақты шығын мөлшерінен аспауға тиіс екендігін атап өткен жөн. Бұдан басқа, сақтандыру төлемінің мөлшеріне сақтандыру шартында көзделген франшиза әсер етуі мүмкін. Бұл сақтандырушыны белгілі бір мөлшерден аспайтын залалды өтеуден босату. Бұл сақтандырушы үшін кейіннен сақтанушы сақтандыру шартын жасасып, өз мүлкін абайлап ұстайтынына кепілдік болып табылады.

Шартты жасасу кезінде сақтанушы, егер сақтандыру жағдайы ядролық жарылыстың, радиацияның немесе радиоактивті зақымданудың, соғыс қимылдарының, азаматтық соғыстың, әртүрлі түрдегі халық толқуларының, жаппай тәртіпсіздіктердің немесе ереуілдердің әсері салдарынан туындаған болса, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде сақтандырушыны сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босатудың негіздері қамтылғанын ескеруі қажет.

Алайда, егер тараптардың келісімі бойынша көрсетілген оқиғалар сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы болып табылса және бұл шартта тікелей көрсетілсе, сақтанушы төлемді кез келген жағдайда алады.

Сақтандыру шартында нақты тәуекелдер, мерзімдер мен талаптар, оның ішінде болжанбаған оқиғалар мен еңсерілмейтін күш жағдайлары туындаған кезде сақтандыру төлемін жүзеге асыру талаптары туралы ақпарат болуға тиіс.

«Бұл ретте, халықаралық практикада мүлікті сақтандырудың едәуір дамығанын атап өту қажет, мысалы, Германияда ұлттық сақтандыру нарығының жартысынан көбін мүліктік сақтандыру алады, ал АҚШ-та тұрғын үйді сақтандыру жиналатын сақтандыру сыйлықақысының көлемі бойынша алдыңғы позициялардың бірінде тұр. Еуропаның кейбір елдерінде жылжымайтын мүлікті сақтандыру міндетті болып табылады, мысалы Дания, Голландия, Франция, Бельгия, Швейцария, Норвегия және Испанияда» деп атап өтеді басқармасының бастығы.

Қазақстанда мүлікті ерікті сақтандыру толық бағаланбаған.

Сарапшының айтуынша, қаңтардағы оқиғалар террористік актілер жағдайында мүлкі сақтандырылған кәсіпкерлер өздерінің сақтандыру төлемдерін алғанын, тиісінше сақтандыру оларды туындаған тәуекелдерден қорғауды қамтамасыз еткенін көрсетті. Мәселен, 2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша сақтандыру ұйымдары қаңтар оқиғаларының нәтижесінде туындаған сақтандыру жағдайлары шеңберінде 144,7 млн теңге төленді.

Осыған байланысты, болашақта өзіңізді ықтимал тәуекелдерден қорғау үшін мүлікті ерікті сақтандырудың барлық артықшылықтарын білу пайдалы. Әрине, оған қол қойылғанға дейін сақтандыру шартының барлық талаптарын мұқият зерделеп, түсіну қажет.

Сондай-ақ оқыңыз