Елімізде ресми түрде 3 облыс құрылды

Жарияланды
 Президент жарлыққа қол қойды

Алматы облысының әкімшілік орталығы Талдықорған қаласынан Қонаев қаласына көшірілді. Бұл туралы ҚР Президентінің жарлығында жазылған.

 Сонымен қатар, мемлекет басшысының жарлығымен Шығыс Қазақстан облысының құрамынан Ақсуат, Абай, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Үржар, Көкпекті аудандары, Семей және Курчатов қалалары бөлініп,  Абай облысы  құрылды. Бұл облыстың әкімшілік орталығы –  Семей қаласы.

Ал Ақсу, Алакөл, Ескелді, Қаратал, Кербұлақ, Көксу, Панфилов, Сарқан аудандары, Талдықорған және Текелі қалалары Алматы облысының құрамынан шығарылып, Жетісу облысы болып құрылды. Әкімшілік орталығы Талдықорған қаласында орналасады.

Еліміздің орталығында Ұлытау облысы құрылды. Оған бұған дейін Қарағанды облысының құрамында болған  Жаңаарқа, Ұлытау аудандары, Жезқазған, Қаражал мен  Сәтбаев  кірді. Облыс орталағы болып Жезқанған қаласы бекітілді.

Сондай-ақ оқыңыз