Қазақстандық әйелде үш азаматтық анықталды

Жарияланды

Ол елден қуылды

Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын және шет мемлекеттің азаматтығын қабылдаған адам өзге азаматтықты алған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде шетел азаматтығын алу фактісі туралы Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына немесе Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне хабарлауға және Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және (немесе) жеке куәлігін тапсыруға міндетті. Бұл туралы Железин аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

2022 жылдың 23 сәуірінде «Үрлітөбе» (авто) шекаралық бақылаубөлімініңөткізу пунктінде шекаралық тексеру барысында, Мемлекеттік шекарасын өту кезінде,  заңнамамен белгіленген мерзімде шетел азаматтығын алған фактісі хабарламай,  Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған Ресей Федерацияның және Канада Республикасының азаматшысы М., анықталды.

Сот отырысында жауаптылыққа тартылатын тұлға,  кінәсін толық мойындап, 2017 жылдың қараша айында Канаданың азаматтығын, сонымен бірге ағымдағы жылдың наурызында РФ азаматтығын алғанын, бірақ заңды білмегеніне байланысты Қазақстан Республикасының паспортын тапсырмағанын түсіндірді. Сонымен қатар, Қазақстанда туысқандары болмауына байланысты, Қазақстан Республикасының шегiнен шығаруды сұрады.

Сот қаулысымен азаматша М.  ӘҚБтК 496-б. 2-б. көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, Қазақстан Республикасының шегiнен әкімшілік жолмен шығарып жiберу  жазасы тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыз