БҚО-да бухгалтер 31 миллион теңгені ұрлап кеткен

Жарияланды (жаңартылды )

Ол жеті жылға бас бостандығынан айырылды

Батыс Қазақстан облысындағы есепші 31 миллион теңгені ұрлап кеткен. Қазынашы Сырым аудандық білім бөлімінің бюджетін ұзақ уақыт талан-таражға салған, деп хабарлайды Хабар 24 .

Қылмыстық істі тергеу барысында келтірілген шығын көлемі 31 миллион теңгеге бағаланған. Сотталушының кінәсі толықтай дәлелденді. Ол мемлекетке келтірілген шығынды толығымен өтеп, соттан оны бас бостандығынан айырмауды сұрады. Бұл ретте прокурор оны 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Нәтижесінде әйел жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ ол мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдарда жұмыс істеу құқығынан айырылған.

«Күшаева Ақкенже ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағында көзделген қылмысты жасаған. Оған мүлкін тәркілемей, 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Кәмелетке толмаған екі баласы болуына байланысты жазаны өтеу мерзімі 5 жылға шегерілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ», – деді облыстық соттың баспасөз хатшысы Нұргүл Қанатбаева.

Сондай-ақ оқыңыз