Әлемде бір жылда ашаршылыққа душар болған адамдардың саны 193 млн-ға жетті - Kursiv Media Kazakhstan

Әлемде бір жылда ашаршылыққа душар болған адамдардың саны 193 млн-ға жетті

Бұл ақпаратты азық-түлік дағдарысымен күрес бойынша ғаламдық желі мәлімдеді

Әлемде соңғы бір жылда ашаршылыққа душар болған адамдардың саны193 млн-ға жетті. Бұл туралы «Хабар 24» сайты хабарлады.

Бұл ақпаратты азық-түлік дағдарысымен күрес бойынша ғаламдық желі мәлімдеді.

Біріккен Ұлттар мен тағы бірнеше ұйымды біріктірген желі өкілдерінің айтуынша, аштық Ауғанстан мен Африка елдерінде күшейген.

Сарапшылар биыл құрғақшылық пен Украинадағы ахуалға байланысты жағдай одан әрі нашарлайтынын айтып отыр.