Maersk Ресей нарығынан кеткеннен кейін 700 миллион доллардан астам шығынға ұшырады

Жарияланды (жаңартылды )

Maersk қазір Ресей порттарындағы активтерін, соның ішінде терминал мен қойманы сатуда

Данияның Maersk көлік компаниясы Ресейден кеткеннен кейін 700 миллион доллардан астам шығынға ұшырады. Бұл туралы  iz.ru сайты тасымалдаушының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Ресейден шығуына байланысты компанияның пайыздар мен салықтарды төлегенге дейінгі тоқсандық пайдасы 5 миллиард кроннан астамға азайды, бұл шамамен 718 миллион долларды құрайды.

Сондай-ақ Maersk басшылығы 2 мамырда Ресей портындағы соңғы жүк операциясы аяқталғанын хабарлады. Бұл ретте Ресей Федерациясының аумағында 20 мыңға жуық контейнер қалды.

Компанияның үлесіне әлемдегі барлық контейнерлік тасымалдардың алтыдан бірі келеді. Maersk қазір Ресей порттарындағы активтерін, соның ішінде терминал мен қойманы сатуда.

Компания басшысы Сорен Скоудың айтуынша, қазір бірнеше ұйымдармен екеліссөздер жүріп жатыр, бірақ сатылым ұзаққа созылуы мүмкін.

Ресейдегі операцияларды тоқтату туралы шешімді бірқатар компаниялар Ресейге қарсы санкциялар аясында қабылдады.

Сондай-ақ оқыңыз