Президент референдум туралы заңға енгізілетін өзгерістерді бекітті

Жарияланды (жаңартылды )
Референдум 5 маусым күні өтеді

Мемлекет басшысы 2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдум өткiзу туралы қаулыға қол қойды. Сонымен қатар  «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын да бекітті. Қаулы Ақорда сайтында жарияланған.

«Мемлекет басшысы «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды» делінген хабарламада.

Референдумда «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасында баяндалған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба?» деген тұжырымдағы сауал қойылады.

Сондай-ақ оқыңыз