Утильалымның жаңа мөлшері бекітілді

Жарияланды
Мөлшері екі есе қысқарды

 Елімізде утильалым мөлшері екі есе қысқарды. Бұл туралы online.zakon.kz сайтында жарияланған құжатта жазылған.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 29 сәуірде күшіне енген бұйрығы негізінде кәдеге жарату төлемін есептеу әдістемесіне өзгерістер енгізілді.

Автокөліктерге, оның ішінде жол талғамайтын көліктер, сондай-ақ трактор мен комбайндар, ауыл шаруашылығы техникаларына қатысты тариф 50 АЕК (153 150 теңге) құрайды.

Қандай көлікке қанша утильалым салынатынын мына жерден көруге болады.

Айта кетейік, шенеуніктер утильалым мөлшері 1 мамырға дейін азаяды деп уәде берген еді. Бұл туралы 24 ақпанда өткен брифингте Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев мәлімдеген.

Ақпан айының соңында утильалым мөлшері 50%-ға төмендегені хабарланды.

2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап утильалым мөлшерлемесі қозғалтқышы 1000 текше сантиметрге дейінгі автомобильдер үшін 150 АЕК (459 450 теңге) мен қозғалтқышы 3 001 метр текше метрден асатын автомобильдер үшін 1 150 АЕК (3 522 450 теңге) аралығында болды.

Сондай-ақ оқыңыз