Головкинге "Канеломен" үшінші жекпе-жегі туралы жағымсыз хабар келді - Kursiv Media Kazakhstan

Головкинге «Канеломен» үшінші жекпе-жегі туралы жағымсыз хабар келді

Boxing247.com журналисі Джефф Сорби: Егер Канело Биволдан жеңіліп қалса, оның Головкинмен өтетін жекпе-жек болмайды

Boxing247.com журналисі Джефф Сорби Сауль Альварес пен Геннадий Головкин арасындағы қыркүйек айына жоспарланған үшінші жекпе-жек осы демалыста «Канело» Дмитрий Биволдан жеңіліп қалса, өтпейтініне сенімді, деп хабарлайды Sports.kz.

«Егер Канело Биволдан жеңіліп қалса, оның Головкинмен өтетін жекпе-жек болмайды. Егер «Канело» бұл жекпе-жекте жеңілсе, бұл бокс жанкүйерлері үшін және оның промоутері Эдди Хирн мен DAZN үшін үлкен соққы болады. Барлығы Канелоның Головкинмен жекпе-жегін қайта көргісі келеді. Өйткені олар осы екі боксшының арасындағы трилогияны төрт жыл күтті»-деді Boxing247.com журналисі Джефф Сорби.