Петропавл ЖЭО-2 жөндеуге бюджеттен ақша бөлінбейді

Жарияланды

Әлихан Смайылов барлық қажетті қаражатты компания басшылығы табу керектігін атап өтті

Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Әлихан Смайылов ағымдағы жылдың 20 наурызында №1 мұржаның жоғарғы бөлігінің ішінара опырылуы орын алған Петропавл ЖЭО-2-де болды. Бұл туралы министрлер кабинетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Премьер-министр барлық техниканы сараптамадан өткізіп, жөндеу жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды. Бұл ретте тұрғындарды жазда ыстық сумен қамтамасыз етіп, жаңа жылу маусымын уақытылы бастау қажет.

«Барлық жұмыстарды сапалы, кідіріссіз, белгіленген мерзімде аяқтау маңызды. Компания басшылығы барлық қажетті қаражатты табуы керек», – деді Смайылов.

Үкімет басшысы сондай-ақ Энергетика министрлігіне республиканың жылу электр станциялары мен су электр станцияларының техникалық жай-күйі мен алдағы жылыту маусымында шекті жүктемені көтеруге дайындығы бойынша жоспардан тыс тексеруді қамтамасыз етуді тапсырды.

Сондай-ақ оқыңыз