Псаки Ақ үйдің баспасөз хатшысы қызметінен кетеді - Kursiv Media Kazakhstan

Псаки Ақ үйдің баспасөз хатшысы қызметінен кетеді

Оның қызметі 13 мамырда аяқталады

АҚШ әкімшілігі Ақ үйдің баспасөз хатшысының міндетін атқарушы Джен Псаки шамамен бір жарым жылдан кейін 13 мамырда қызметінен кетеді деп хабарлады.

Ақ үйдің жаңа баспасөз хатшысы оның қазіргі орынбасары Карин Жан-Пьер болады.

«Мен Карин Жан-Пьердің Ақ үйдің келесі баспасөз хатшысы болатынын мақтанышпен хабарлаймын», – деп таныстырды АҚШ президенті Джо Байден.

Ол осы лауазымды атқарған тарихтағы алғашқы қара нәсілді американдық әйел және ЛГБТ қауымдастығының өкілі болады.
Псаки отставкаға кету мүмкіндігі туралы өткен жылдың мамыр айында мәлімдеген. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, ол Peacock платформасында шоу жүргізуді бастайды және MSNBC кабельдік желісінің әртүрлі бағдарламалардағы тікелей эфирлеріне қатысады.

Псаки АҚШ-тың 44-ші президенті, демократ Барак Обаманың әкімшілігіндегі Ақ үй мен Мемлекеттік департаменттің ресми өкілі болды. Ол, атап айтқанда, Ресей және Украина мәселелері бойынша жоғары деңгейдегі мәлімдемелері үшін кеңінен танымал болды.

Қатысты материалдар