Төрт салмақ дәрежесінде бокстан бұрынғы әлем чемпионы Рой Джонс мексикалық Сауль Альварес ресейлік Дмитрий Биволдан жеңілген соң қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жегін өткізуге кеңес беретінін айтты, деп хабарлады Sports.kz Championat.com сайтына сілтеме жасап.
«Осы жеңіліске қарамастан, ол әлі де мықты»,-деді Рой Джонс.
«Енді «Канело» жеңілді және Головкин мансабын аяқталғанша онымен жекпе-жек өткізгісі келеді. Ал жас жағынан басымдық Сауль жағында болмақ. Мен Головкинмен жұдырықтасуға келісетін едім. «Канело» Геннадиймен жұдырықтасу керек, өйткені бұл жекпе-жекті көру үшін көбі жақсы ақша төлейді», – деді Джонс TMZ Sports YouTube арнасына берген сұхбатында.