Қазақстанда өткен тәулікте төрт адамда індет анықталды

Жарияланды

Елімізде барлығы 1 305 607 адам коронавирус жұқтырған

Өткен тәулікте Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырған тағы төрт адам анықталды.

Қазақстанда барлығы 1 305 607 адам коронавирус жұқтырған.

Пандемия басталғаннан бері 13 661 адам қайтыс болды, соңғы тәулікте бірде-бір науқас қайтыс болған жоқ.

Коронавирустық пневмонияның бір жағдайы (2020 жылғы 13 наурыздан бастап – 89 042) анықталды.

Қазір 1215 адам ауырып, оның 76-сы стационарда, 1139-ы амбулаторлық емделуде. Жағдайы ауыр – 10 науқас, өте ауыр жағдайда – 0, жасанды тыныс алу аппаратында – 1.

11 мамырдағы жағдай бойынша вакцинаның бірінші компоненті – 9 490 149, екіншісі – 9 256 167 адам, ревакцинация – 4 111 660 адам.

Сондай-ақ оқыңыз