Германияда саяси қылмыстың саны артты

Жарияланды (жаңартылды )

2021 жылы Германияда 55 мыңнан астам саяси астарлы қылмыс жасалған

Германияда саяси қылмыстың саны артты.Өткен жылы Германияда саяси астарлы қылмыстар саны 23 пайызға артып, 55 048-ге жеткен.

Бұл туралы Анадолу сайты Берлинде «2021 жылға арналған саяси қылмыстар туралы баяндаманы» таныстырған Германияның ішкі істер министрі Нэнси Фезер мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлады.

Министр сонымен қатар антисемиттік қылмыстардың 29 пайызға өскеніне алаңдаушылық білдірді.

2020 жылы елде 44 692 саяси астарлы қылмыс жасалған.

Сондай-ақ оқыңыз