Венгрияның тұңғыш әйел президенті Каталин Новак қызметіне кірісті

Жарияланды

Ресми ұлықтау рәсімі 14 мамырда өтеді

Венгрияның тұңғыш әйел президенті Каталин Новак қызметіне кірісті. Бұл туралы ТАСС MTI ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бұрынғы мемлекет басшысы Янош Адер Новакке өзінің ресми резиденциясының, Будапешттегі бекініс төбесінде орналасқан Шандор сарайының кілтін табыс етті.

«Әрбір венгр маған сене алады, мен де әрбір венгрге сенемін», – деп жазды Новак Facebook парақшасында.

Ресми ұлықтау рәсімі 14 мамырда өтеді. Новак президенттік сайлаудан екі айдан кейін Венгрия конституциясына сәйкес қызметіне кірісті.

Сондай-ақ оқыңыз